
2024 жылғы 11 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ТДМ-4 іске асыру аясында өткен "III Халықаралық Фараби форумына" Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессорлық - оқытушылық құрамы, кафедраның жас ғалымдары мен студенттері қатысты. Университет ректоры - Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев форумда сөз сөйлеп, Халықаралық ғылыми конференция жеңімпаздарына дипломдар мен сертификаттар табыс етті. Форумның мақсаты - сапалы білім беруді дамыту, жас ғалымдарды жаңа жетістіктерге жетуге ынталандыру. Конференция жас ғалымдар үшін ғылыми-ағартушылық іс-шараға айналды.
Басқа жаңалықтар

9 шілде, 2025

9 шілде, 2025

9 шілде, 2025