САДЫБЕКОВ МАХМУД АБДИСАМЕТҰЛЫ

19 сәуір, 2024

1963 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1985 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің математика факультетін үздік бітірді. 1985-1992 жылдары ҚазМУ-дің математика факультетінде (стажер-оқытушы, аға ғылыми инженер, аға оқытушы) болып жұмыс істеді. 1992-1993 жылдары – Қазақ химия-технологиялық институтының математикалық экономика кафедрасының меңгерушісі, 1995-1996 жылдары – проректор, 1996-2005 жылдары – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры. 2006-2009 жылдары – Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры.

1989 жылы 01.01.02 – дифференциалдық теңдеулер мамандығы бойынша «Дарбудың түйіндес есебі туралы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

1993 жылы 01.01.02 – дифференциалдық теңдеулер мамандығы бойынша «Гиперболалық және аралас типті екінші ретті теңдеулер сипаттамасынан ауытқуы бар облыстардағы шекаралық есептер» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

2007 жылдан – «Математика» мамандығы бойынша доцент, 2010 жылдан – «Математика» мамандығы бойынша профессор.

2012 жылы математика мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды.

Зерттеулерінің негізгі бағыттары:

  • гиперболалық, параболалық және эллиптикалық типті дифференциалдық теңдеулер үшін шекаралық есептер;
  • аралас типті дифференциалдық теңдеулер үшін шекаралық есептер;
  • математикалық физиканың кері есептері;
  • дербес дифференциалдық теңдеулер үшін спектрлік есептер;
  • кесіндідегі қарапайым дифференциалдық операторлардың спектрлік қасиеттері;
  • Гильберт кеңістігіндегі элементтер жүйесінің базистік қасиетінің мәселелері.

2008 жылғы «ЖОО Үздік оқытушысы» грантының иегері.

2013 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

1993 жылғы Қазақстан Жастар Одағының ғылым және техника саласындағы сыйлығының лауреаты.

2015 жылы М.А.Садыбеков «Өздігінен түйіндес емес дифференциалдық операторлардың түбірлік векторларының базистік қасиетіне» атты жұмыстар сериясы үшін Қазақстан Республикасының Қ.И.Сәтбаев атындағы «Жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеулері үшін» сыйлығының лaуреaты атанса, оған 2020 жылы «Жергілікті емес дифференциалдық операторлар теориясына» тақырыбындағы жұмыстар сериясы үшін Әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Басқа жаңалықтар