"ТДМ 17 - ТҰРАҚТЫ ДАМУ МҮДДЕСІНДЕГІ СЕРІКТЕСТІК" АЯСЫНДА АШЫҚ САБАҚ

18 сәуір, 2024

Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-нің  Заң факультетінің Кеден, қаржы, және экологиялық құқық кафедрасының профессоры Қалымбек Бақытжан студентерімен 2024 жылдың 18 сәуірінде, тұрақты дамудың 17 мақсаты бойынша іс-шара өткізді. ТДМ-нің 17 мақсаттарының ішіндегі 16-шы мақсаты, яғни бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар  туралы ,өткен күн мен болашаққа қойылған мақсаттарыды салыстыра отырып, аса маңызды баяндамалар тыңдалып, көпшілікке тың ақпараттар ортаға салынды. Бейбітшілікті сақтау, соғыс отын тұтатпау, бейбітшілік үшін күресу қазіргі ХХІ ғасырдың да ең өзекті мәселелерінің біріне айналды. Содан болар, халықаралық қоғамдастық бейбітшілікті жал­пыадамзаттық құндылықтар қата­рына қосып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттары – елдің өркендеуіне бағытталған өршіл мақсаттардың жиынтығы болып табылады. Дана халқымыз , «Байлық байлық емес , бірлік – байлық » деп бекер айтпаса керек. Осы мәселеге байланысты , іс- шараға қатысушылар өз ой пікірлерін білдірді .