А.М.Сәтқалиев – экономика ғылымдарының кандидаты (PhD), ТМД еңбек сіңірген энергетигі (2003), Қазақстан Республикасынан ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті жанындағы Энергетикалық саясат жөніндегі Кеңестің мүшесі, "KEGOC" АҚ бірінші вице-президенті.
А.М.Сәтқалиев 1970 жылы 31 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1987-1992 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-де "механика" мамандығы бойынша оқып, "механик, қолдангбалы-математик" біліктілігін алып шыққан. 2002 жылы "Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласы мысалында құбыр көлігі жобаларын жоспарлау" тақырыбында диссертациялық жұмысын қорғаған.
1992 жылдан 1997 жылға дейін жеке коммерциялық қызметпен айналысқан. 1997-2001 жылдары "Қазтрансойл" Ұлттық мұнай тасымалдау жөніндегі компания" ЖАҚ-да менеджер, клиринг департаментінің бастығы, жобаларды басқару департаментінің бастығы, Басқарушы директор және экономика жөніндегі вице-президент лауазымдарында жұмыс істеді. 2001-2006 жылдары "KEGOC" қазақстандық электр желілерін басқару жөніндегі компаниясы" АҚ-да қаржы директоры, экономика жөніндегі вице-президент, бірінші вице-президент болып жұмыс істеді. 2006 жылғы мамырдан 2007 жылғы желтоқсанға дейін – "KEGOC" АҚ бойынша топ директоры-басшысы, "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг" АҚ электроэнергетикалық активтерді басқару жөніндегі директоры.
2007 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында – Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі.
А.М.Сәтқалиев – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің өкімімен бекітілген Электр энергетикасы саласын дамытудың 2007-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының авторларының бірі.
2007 жылдың қыркүйегінде А.М.Сәтқалиев "KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" АҚ Басқарма төрағасы-президенті болып тағайындалды. 2008 жылғы мамырда ол Қазақстандық электроэнергетикалық қауымдастығы директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. 2008 жылдың қазан айынан бастап – "KEGOC" акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті. 2021 жылдың наурыз айынан бастап – "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы. 2023 жылдың 4 сәуірінен бастап Қазақстанның энергетика министрі болды.
А.М.Сәтқалиев "Самұрық" холдингі" АҚ, "Самұрық-энерго" АҚ, "KEGOC" АҚ, "Қазқуат" АҚ және "Екібастұз энергоцентрі" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.
Ол 2007 жылғы 25 мамырда Ялта қаласында (Украина) ТМД Үкімет Басшылары Кеңесінің, 2007 жылғы 29 маусымда Мәскеуде ТМД Электр энергетикалық Кеңесінің, 2007 жылғы 10-14 қазанда Душанбе қаласында (Тәжікстан) ТМД Электр энергетикалық Кеңесінің және 2006 жылғы 13 қазанда Астана қаласында өткен ТМД Электр энергетикалық Кеңесінің отырыстарына қатысты.
А.М.Сәтқалиев "Құрмет" орденімен (2008), "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" (2005), "Астанаға 10 жыл" (2008) медальдарымен марапатталған.