Су- тіршілік көзі

17 сәуір, 2024

ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының  оқытушылары доцент Г.Ә. Мұсаева,   аға оқытушылар  Г.Ә. Машинбаева, М.П. Ешимов, Р.И. Дүйсенбаева  шетелдік студенттермен ТДМ-6 «Таза су және санитария» аясында «Су- тіршілік көзі» тақырыбында  ашық кураторлық іс-шара өткізді. Мақсаты - әлемдегі су тапшылығының алдын алу, суды үнемдеудің жолдарын үйрету. Әлемдегі су көздері өзен, теңіз, көлдерден және мұздықтардан алынатыны туралы айтыла келе дегенмен оларды орынды қолданбай, сырап жасау әлемдік су тапшылығы проблемасына әкелетіндігі жөнінде  қадап айтылды. Сондай-ақ су көздеріне алынатын сулардың барлығы бірдей ауыз суға жараймайтынын, олардың барлығы бірдей  тұщы су емес екендігіне назар аударылды. Іс-шара барысында шетелдік тыңдаушыларға әлемдегі су мәселесі, әсіресе ауыз су тапшылығын болдырмас үшін жүргізілетін жұмыстар туралы мәліметтер берілді. Тыңдаушылар да өз елдеріндегі суды үнемдеуге  қатысты ақпараттармен бөлісті.