Farabi University

Францияның стипендиялық бағдарламаларына қатысуға шақырамыз

24 сәуір

ҚазҰУ-дың 1-курс магистранттарын Қазақстандағы Франция елшілігінің өкілдерімен «Франциядағы стипендиялық бағдарламалар» тақырыбындағы кездесуге қатысуға шақырамыз. Францияда 3500-ден астам мемлекеттік және жеке жоғары оқу орындары бар. Сіздің Франциядағы жоғары оқу орындарына түсу, сондай-ақ Қазақстандағы Франция елшілігінің стипендиялық бағдарламаларына қатысу шарттары туралы барлық сұрақтарға жауап алуға тамаша мүмкіндігіңіз бар.

Күні: 24 сәуір, сағат 14:00  (сәрсенбі)

Өтетін орны: механика-математика факультеті, Ө.Жолдасбеков атындағы үлкен қызыл зал

Басқа хабарландырулар

28 тамыз

BASF MINING SOLUTIONS ТЕХНИКАЛЫҚ СЕРВИС ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТЕДІ

2025 жылдың 28 тамызында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде BASF Mining Solutions техникалық сервис зертханасының ашылу салтанаты өтеді. Бұл Орталық Азияның тау-кен-металлургиялық саласын дамыту аясында жүзеге асырылып жатқан бірлескен ғылыми жоба.

22 тамыз-23 тамыз

AWS COMMUNITY DAY CENTRAL ASIA 2025 IT КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТЕДІ

2025 жылдың 22-23 тамыз күндері Алматыда AWS Community Day Central Asia 2025ірі екі күндік бұлтты IT конференциясы өтеді.

26 маусым

Конституциялық құндылықтарды дамытуға арналған халықаралық конференция өтеді

F.С.Сапарғалиев атындағы Мемлекет және құқық институты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетімен бірлесіп «Құқықтық үрдістер, заманауи сын-қатерлер және жаһандық қоғамдық трансформациялар аясында конституциялық құндылықтарды дамытудың жаңа көкжиегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Алқалы жиын көрнекті ғалым, ғылым мен білім саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан академик F.С.Сапарғалиевтің 95 жылдық мерейтойына арналады.