«Германияға саяхат» іс-шарасы

19 сәуір, 2024

Тарих факультетінің 3 курс студенттері Германия қалалары туралы қызықты және әсем презентациялар дайындап, қалалардың көрікті жерлері мен неміс мерекелері туралы таңғажайып бейнероликтер түсірді. Атақты неміс ақыны Генрих Гейненің «Лорелей» поэмасындағы романтикалық өлені студенттер Мерей мен Тоқтардың орындауында бейнероликпен орындады. 3 курс студенті Мәди Германия қалалары туралы неміс тілінде викторина өткізді. Бір топ студенттердің орындауындағы «Sonnenkreis» әні жиналғандарды тәнті етті. Іс-шараға тарих факультетінің декан орынбасары Терекбаева Ж.М., сонымен қатар «Неміс/француз/испан тілі – негізгі деңгей» пәнінің координаторы доцент Телеуова Е.Д. қатысты. Доцент Телеуова Э.Д. «Неміс тілі» пәнінің ашылуына зор үлес қосты, соның арқасында студенттердің неміс тілін үйренуге мүмкіндігі бар.