«Основные причины землетрясений».

10 сәуір, 2024

   Әл – фараби атындағы университеті, табиғатты пайдалану факультеті, картография және геоинформатика кафедрасының 7М07301-Геодезия бағытытдағы 2 курс магистранттары 10 сәуірде, 3 курс студенттеріне «Жер сілкінісінің басты себептері» атты семинар өткізді.  

      Жер сілкінісі – геологиялық  табиғи құбылыс, кез-келген уақытта пайда болуы мүмкін. Жер сілкінісінің ошағы жер қойнауында қалыптасады. Геологиялық ортадағы жылжулар, бірігулер, жарылулар,ортаюлар секілді тез өзгерістер жер сілкінісінің пайда болу себебіне жатады. Әрбір жер сілкінісі кезінде осы жарылыс нәтижесінде жер қойнауында жинақталған энергияның бір бөлігі сыртқа шығарылады. Жер сілкінісінің басты себептері ретінде жер қыртысы платформаларының қозғалысы мен қимылдауын айтуға болады. Мұндай қозғалыстар орын алған аймақ жер сілкінісінің ошағы деп аталады. Ал жер сілкінісі ошағының жер бетіндегі нүктесі эпицентрі болып саналады.

Осылайша себептерін талқылап, сақтану жолдары талқыланды.

   Жер сілкінісі қашан болатыны белгісіз, сондықтан үнемі дайындық үстінде болу керек. Ол үшін төмендегі кеңестерге сүйенген жөн:

   Үйде, жұмыс орнында, университетте, көшеде қауіпсіз орындарды бағдарлау;

   Отбасы мүшелерімен жер сілкінгенде не істеу керек екенін талқылап, алғашқы медициналық көмек беру ережесін үйрену;

   Дәрі қорабын дайындау және ондағы дәрі-дәрмекті қолдану ретін білу;

   Құжат, ақша, қалта шамын үнемі ыңғайлы орынға қою;

   Кереуетті терезе мен қабырғалардан алшақ орналастыру;

   Үйге кіретін жолды жиһаздармен, өзге заттармен бөгемеу;

   Шкафтар мен сөрелерді шегелеп бекіту, үстіне ауыр заттар қоймау;

   Улы химикат, тез тұтанатын сұйықтық секілді қауіпті заттарды жақсы оқшауланған сенімді орында сақтау. Осылайша, кездесіп, семинар өткізіп тұру, өте пайдалы іс-шара.

​​​​​​​