Талғар ауданы, Ю.Гагарин атындағы №8 мамандандырылған лицейдің жоғары сынып мектеп оқушыларына арналған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биологиялық мұражайына экскурсия

15 сәуір, 2024

15  сәуір 2024 жылы ТДМ 4 «Сапалы білім беру бағдарламасы» шеңберінде Биотехнология кафедрасында Талғар ауданы, Ю.Гагарин атындағы №8 мамандандырылған лицейдің жоғары сынып мектеп оқушыларына арналған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биологиялық мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: мектеп оқушыларын Қазақстан Республикасының өсімдіктері мен жануарлар дүниесінің байлығымен таныстыру, қоршаған табиғатқа ұқыптылықпен қарауға шақыру және биология пәні бойынша білімдерін кеңейту. Ұйымдастырушылар: биологиялық мұражайдың жетекші маманы Джардемалиева А.Д., доценттер С.Ш. Асрандина, Мамытова Н.С., профессор С.Д. Атабаева, Ю.Гагарин атындағы №8 мамандандырылған лицей директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстары бойынша орынбасары Турысбекова Б.Е. Өткізілген орын: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биологиялық мұражай,  өткізу уақыты: 14.30 сағ.