Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары Мысырдағы ҚР Елшісінің қабылдауында болды

19 сәуір, 2024

Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы Арабтану бөлімінің меңгерушісі Хаван Айдынгүл  ҚР ның Мысырдағы Елшісі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Арабтану бөлімінің түлегі Лама Шариф Қайрат Қайырбекұлының арнайы қабылдауында болып, құрылғанына 40 жыл толып отырған Арабтану бөлімінің өткені мен бүгіні туралы әңгімелесіп, болашақта атқарылуы тиіс бірқатар жұмыстардың бағыт-бағдарымен ой бөлісіп қайтты.

Кездесу соңында университет атынан барып отырған арнайы делегация Қайрат Қайырбекұлын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдық мерейтойымен құттықтап, арнайы марапат табыс етті.

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы

Жумадилова А.