«Ардагерлердің сара жолымен»

17 сәуір, 2024

 

17 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультетінде Дінтану және мәдениеттану кафедрасының білім алушылары филос.ғ.д.,профессор Альмира Бекетқызы Наурызбаевамен кездесті. Факультет деканы филос.ғ.д., профессор Б.Б.Мейірбаев сөз алып жылы лебіздерімен қатар кездесудің кәсіптік бағдар тұрғысынан аса маңызды екендігіне тоқталды. Қазақстандағы мәдениеттану ғылымының жағдайы туралы пікір білдірді. Білім алушылардың «мәдениеттанудың» құндылығы туралы түсініктерін нығайтуға ықпал ету мақсатындағы «Ардагердің сара жолымен» атты мәдени іс-шарада 100 ден астам ғылыми еңбектердің авторы, Қытай Халық Республикасы Іле университетінің құрметті профессоры, 2012 жылдан бері ЮНЕСКО-ның материалдық емес құндылықтарды сақтау бойынша комиссия  мүшесі Альмира Бекетқызының өмір жолымен танысты, маңызды сұрақтарын қойды. Бенефис кездесудің барысында ғалым кәсібиліктің қыр-сырына тоқталып, жастарға бағыт бағдар берді, өзекті ақпараттармен бөлісті.