- Басты бет
- Жаңалықтар
- Женева университетінің үздік профессоры әл-Фараби атындағы ҚазҰУ да халықаралық семинар өткізді
Женева университетінің үздік профессоры әл-Фараби атындағы ҚазҰУ да халықаралық семинар өткізді
11.-13.04.2024 жылы Женева универстетінің профессоры Абделжалил Аккари әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінде дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., профессор А.С. Сейдикеновамен бірге "ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЖАРИЯЛАНЫМДАР" атты халықаралық семинар өткізді.
Семинардың мақсаты – зерттеушілерді өзара тексеру (рецензиялау) процесін түсінуге үйрету және олардың зерттеу жұмыстарының қабылдану мүмкіндігін арттыру болды.
Семинарда ғылыми мақалаларды жазу және шолу бойынша кеңестер де берілді.
Семинар бағдарламаға сәйкес келесі тақырыптарды қамтыды:
Зерттеушілер үшін жарияланымдардың қажеттілігін ұғыну.
Семинар барысында профессор РЕЦЕНЗИЯЛАУ процесін түсіндіріп, ғылыми жұмыстарды, мақалаларды жарияланымға қабылдау мүмкіндігін арттыру ЖОЛДАРЫН көрсетіп, профессор осы мәселені оңтайлы шешу үшін табысты ғылыми мансапқа қажет бірегей тәжірибелерімен бөлісті.
Профессор Аккари А. Scopus базасындағы және peer-review журналдарда мақала жариялаудың қажеттілігі, мақала рецензенттің көзіне тартымды болу үшін қалай дұрыс тақырып таңдау, абстракт жазу туралы пікірімен бөлісті, және әрбір қатысушыға өз тақырыбын, абстрактісін жаздыртып, талқылап, кеңестерін берді.
Сонымен қатар, жас ғалымдардың да мақалаларын талдап, бізбен бірге ғылым әлеміне саяхат жасауға жол ашты. Олар да өз кезегінде мақалаларының құрылымын жасауға мүмкіндік алды.
Семинардың басты ерекшелігі - сол әрбір қатысушы талқылау үшін өз тақырыбымен келді және профессордан нақты кеңестер алды. Қатысушылар профессормен бетпе-бет сөйлесіп, қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Проф. Аккари А. екінші күні әр қатысушыға өздерінің болжалды мақаласының құрылымын жасап келуді тапсырған еді.
Семинарға қатысушылар кезекпен кезек онлайн, оффлайн форматында мақалаларының жобасын ұсынып, профессор тарапынан ұсыныстар алды. Сонымен қатар, рецензияларды түсіну және ғылыми жұмыстарды қабылдау мүмкіндігін арттыру үшін практикалық тұрғыда қажетті кеңестер берілді. Әр қатысушы өз тақырыбы бойынша мақаланың тақырыбын, абстрактісін және құрылымын жасай алды.
Қазіргі уақытта бірінші кезекте зерттеушілер жарияланымдардың қажеттілігін ұғынуы, танымалдықты арттыру және ғылыми әлеуетін жоғарылатудағы басты күш екені айтылды.
Тіпті үзіліс кезінде де еркін форматта өзара талқылау, ой бөлісу ашық диалогтың қалыптасуына үлкен әсер етті. Профессордың кез келген тақырыпқа, диалогқа ашықтығы, әр адамға жеке қатынас жасап, ерінбей жік-жігімен түсіндіруі, халықаралық аудиториямен жұмыс істеудегі кәсіби шеберлігінің дәлелі екенін тағы да көрсетті.
Қатысушылардың ой-пікірін білу үшін арнайы ілмек сұрақтар қойып, еркін талқылау жасауға тартты.
Әр ойы жүйелі, қатысушысының қажеттілігін терең түсінген профессор, аудиториясын жалықтырмады, керісінше жарыстырды. Семинарға қатысып, ой бөлісіп, талқылау жасағандар ұтты, қатыса алмағандар шын мәнінде ұтылды. Өйткені бір ойы екінші ойға жалғасып, білімімен адамды еріксіз баурап, идея генераторы болған адамды тыңдау жарты бақыт еді.
Семинардың пайдасы мен құндылығы қатысушылар үшін зор болды. Осындай керемет семинар үшін профессор Аккари А.ға алғысымыз шексіз.