"Аударматанудағы сыни дискурс теориясы" тақырыбында онлайн семинар

19 сәуір, 2024

2024  жылдың 19 сәуір күні сағат 15:00-де Халықаралық қатынастар факультеті, Дипломатиялық аударма қафедрасының ұйымдастыруымен ф.ғ.к., Абердин университетінің PhD  докторы (Шотландия) Гүлшат Түсіп Бақытжанқызы  "Аударматанудағы сыни дискурс теориясы" тақырыбында онлайн семинар өткізді.

Гүлшат Түсіп Бақытжанқызы  Англияның Лидс университетінде Білім саласындағы көшбасшылық және саясат мамандығы бойынша  магистратура тәмамдаған. Ағылшын тілінен қазақ тіліне бірнеше әдеби шығармаларды аударған, мысалыға Оскар Уайльдтың «Дориан Грейдің портреті» романы,  Сомерсет Моэмнің «Ай мен Қарабақыр» романы және 15 әңгімесі, Эдгар Поның 10 әңгімесі, Лоуренс Лессигтің «Еркін мәдениет» атты еңбегі (заң саласы), Ян Гейлдің «Адамдарға арналған қалалар» (сәулет өнері туралы) және т.б.