"Миллионерлер алаңы" атты интеллектуалды ойын

20 сәуір, 2024

19.04.24 күні сағ:15:00, 2-зал. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес жоғары мектебі Экономика кафедрасының оқытушы-профессорлары э.ғ.к. проф.м.а. Даулиева Ғ.Р.,  э.ғ.к., аға оқытушы Тураров Д.Р., э.ғ.к., доцент Андабаева Г.К.,  PhD, аға оқытушы Иляшова Г.К., аға оқытушы Кулиев І.О. ұйымдастыруымен ЖОО арасында микроэкономика пәнінен «Миллионерлер алаңы» атты интеллектуалды ойын өтті. Ұлттық деңгейде іс-шара  «Сапалы білім беру» - ТДМ 4 мақсатын қамтиды. Интеллектуалды ойында 4 команда бағын сынады: экономика мамандығы («Белес» тобы); менеджмент мамандығы («Бірлік» тобы); цифрлы экономика мамандығы («Өркен» тобы); Абай атындағы ҚазҰПУ-дан (жетекшілері: Каримова М. Д. PhD, қауымдастырылған профессор м.а., Сапарбаева А. М. э.ғ.м., аға оқытушы) «Жалын» тобы. Интеллектуалды ойында студенттер алғырлығы мен пән бойынша жоғары білімдерін көрсетті. Іс-шараға “Altyn qurt” кәсіпкерлігі демеушілік жасады.

Ойын нәтижесі:

  1. Экономика командасы - 1 орын🥇
  2. ҚазҰПУ командасы - 2 орын🥈
  3. Циф.экономика командасы - 3 🥈орын
  4. Менеджмент командасы - Үздік талпыныс номинациясы🎗️