Молекулалық медицина бойынша Шэньчжэнь университетіндегі Халықаралық жазғы мектебіне конкурс жарияланды

10 сәуір, 2024

Үміткерлерге ақпараттық хатқа тіркелген түйіндеме, паспорттың 1-ші бетін, паспортқа арналған фотосурет, транскриптке қоса, фотосуреті бар өтінімді толтыру қажет; егер магистрант болса, онда бакалавр дипломын да тіркейді.

 

1983 жылы негізі қаланған Шэньчжэнь Университеті (SZU) жоғары білім берудегі алдыңғы қатарлы инноваторға айналды. SZU әлемдегі ең танымал 400 Университеттің және Қытайдың үздік 30 Университетінің қатарына кіреді.

SZU Медициналық мектебі 2008 жылдың желтоқсанында құрылды, ол Шэньчжэньдегі ең алғашқы медициналық училище болып табылады. SZU Медициналық Мектебінде барлығы 627 оқытушы жұмыс істейді. Мектептің бүкіл ел бойынша медицинадағы ғылыми жетістіктеріне геномдық медицина, иммунитет, қатерлі ісік ауруларын зерттеу, қартаю және метаболизм, терапиялық әсері бар негізгі қосылысты анықтау, Жасанды интеллектті пайдаланып визуалдау, медициналық жабдықты әзірлеу, ортопедия, нейрохирургия, күйік хирургиясы және ауырсынуды емдеу кіреді.

Өмір туралы ғылымдар мен негізгі медициналық ғылымдар салаларына қызығушылық танытқан студенттерге SZU Медицина Мектебіндегі Жазғы Мектепке өтініш беруді ұсынымыз. Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2024 жылдың 5 мамыры. Талап етілген құжаттар 2024 жылдың 5 мамырына дейін жіберілуі керек: толық емес өтінімдерді қабылдау комиссиясы қарастырмайды. Сіз шешімді маусым айының басында білетін боласыз.

Бағдарламаның ерекшеліктері:

① Шетелдік студенттерге арналған арнайы дайындалған толық ағылшын тіліндегі дәрістер.

② Жоғары профильді салалардағы Дәрістерді көрнекті профессорлар оқиды.

③ Зертханаға баруға және озық эксперименттердің практикалық тәжірибесін алуға мүмкіндік аласыз.

Бағдарлама студенттерге не ұсынады: студенттің тұратын қаласы мен Шэньчжэнь/Гонконг арасындағы эконом класындағы әуе билеті; кампустағы тегін жатақхана; 1000 ЮАНЬ/студенттік жәрдемақы; қалалық тур.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, биотехнология кафедрасының байланыс тұлғасы:

Кистаубаева Аида, e-mail aida_kaz@mail.ru