Тарихқа тағзым

15 сәуір, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі факультетінің қаржы және есеп және аудит мамандықтарының 1 курс студенттеріне Қазақстан тарихы кафедрасының «7М02210-Тарих» мамандығының 1 курс магистранты Серік Дінмұхаммед ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде «Тарихқа тағзым» атты тақырыпта тәрбие сағатын (іс-шара) өткізді. Тәрбие сағаты барысында студенттерге Орталық музейдің Қазақ этнографиясы және Ашық қор залдарына экскурсия жүргізіліп студенттер музейде сақтаулы тұрған мәдени мұрамызбен танысты. Студенттер музейдің өткен мен бүгінді, бүгінімізбен  болашағымызды жалғастырар мәңгілік көпір екенін түсініп, шарадан үлкен әсер алып, тарихымызға тағы бір мәрте қанығып рухани сусындап қайтты. Болашақта осындай кездесулер үнемі жалғасын таппақ.