«Мен таңдаған мамандық» ТДМ 8-Лайықты жұмыс және экономикалық өсу.
Экономиканың өсуі өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ету үшін көптеген дамушы елдер үшін өте маңызды. Өсу - планетаның өсіп келе жатқан халқының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажет.
Мәселенің шешімдерінің бірі – жұмыс сапасы мен еңбек өнімділігін арттыру. Осы мақсатта География және табиғатты пайдалану факультетінің, геоинформатика және картография кафедрасының 1-курс (1,2,3 топ қ/б) студенттерімен бірлесе отырып, геодезия және картография мамандығын таңдаудағы мақсаттары бойынша видео ролик сайысын ұйымдастырдық. Студенттеріміздің болашақтағы маман ретіндегі мақсаттары мен армандары бізді ерекше қуантты. Соңынан студенттерімізбен бірлесіп, тортпен шәй іштік. Сонымен қатар бұл тәрбие сағатымыз «Геодезия, картография және жерге орналастыру» күнімен қатарлас келіп, кафедрамыздың ұйымдастыруымен өткен мерекелік іс-шараға студенттеріміз белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті.(Видео роликтен үзінді суреттер)