“Жақсылық жасауға ұмтылайық” атты қайырымдылық іс шарасы

20 наурыз, 2024

20.03.2024 күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті, PhD аға оқытушы Мұқан Нұрзаттың 2-курс Дінтану бөлімі студенттерімен Орнықты даму мақсаттары аясында “Жақсылық жасауға ұмтылайық” атты қайырымдылық іс шарасы өтті. Бұл іс шарада студенттер Қайырымдылық қорына қаржылай ақша жинады. Қайырымдылық – ізгіліктің нақты көрінісі, адамның асыл қасиеттерінің бірі. Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Мұқтажы өтелген жанның қуанышын көру, батасын алып, ризашылығына бөлену шынында керемет сезімге бөлейтіні де рас. Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмтылуымыз керек!