- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Сіз темекінің және электронды темекінің зиянын білесіз бе?» тақырыбында дөңгелек үстел
«Сіз темекінің және электронды темекінің зиянын білесіз бе?» тақырыбында дөңгелек үстел
3-сәуір 2024 ж. сағат 13.30-да медицина және денсаулық сақтау факультетінің мәжіліс залында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медцина және денсаулық сақтау факультеті мен заң факультеті студенттері арасында Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарындағы №3-ші «Мықты денсаулық және әл-ауқат» мақсатын жүзеге асыруға орай, факультет аралық деңгейде медицина және денсаулық сақтау факультетінің аға куратор-эдвайзері Г.А. Арынованың ұйымдастыруымен және куратор Ф.А. Бимурзаева, заң факультетінің кураторы С.Ш. Даубасованың қатысуымен «Сіз темекінің және электронды темекінің зиянын білесіз бе?» атты дөңгелек үстел өтті. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 3 курс студенті Жақсылық Аделия темекінің организмге әсері туралы презентация жасады. 3 курс студенттері арнайы ақпараттық қағаз дайындап, студенттерге тарқатты, сауалнама жүргізді. «Сіз темекінің және электронды темекінің зиянын білесіз бе?» атты дөңгелек үстел өте ауқымды, толық, ақпаратты және әсерлі өтті.