"Дінтанушы мамандарды даярлау-уақыт талабы"

16 сәуір, 2024

  2024  жылдың 16 сәуір күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Философия және саясаттану факультеті , дінтану және мәдениеттану кафедрасы профессор-оқытушылар мен Алматы қаласының №38 М.В.Ломоносов атындағы Қазақстан-Ресей мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесу өткізді. Бұл кездесу білім беруді тұрақты дамыту мақсаттары шеңберінде және жастарды кәсіби бағдарлау мақсатында өткізілді. Кездесүдің тақырыбы  "Дінтанушы мамандарды даярлау-уақыт талабы". Спикер ретінде философия ғылымдарының докторы, кафедраның доценті Борбасова К.М. және  философия ғылымдарының кандидаты, кафедра доценті Кантарбаева Ж.У. сөйледі. Кездесу жылылық және ықыластық жағдайда өтті. К.М. Борбасованың кафедраның иргесін салу тарихы және оның бүгінгі күнге дейінгі жетістіктері туралы әңгімесі нағыз қызығушылық тудырды. Профессор елімізде дінтану ғылымының негізін қүрған ғалымдардың бірі , бұл мәсәле оның әнгімесін өте қызықты етті. Сондай-ақ, кафедраның айтарлықтай жетістіктері мен білім берудің дамуына қосқан үлесі туралы философия ғылымдарының кандидаты Ж.У. Кантарбаева айттып өтті, ол кісі осы саладағы жетекші мамандардың бірі және үлкен тәжрібелі оқытушылардың бірі болып табылады. Ол кісінің сөз сөйлеуі өте қызықты презентациямен және осы ғылыммен айналысатын әсерлі перспективалар туралы әңгімемен сүйемелденді. Кездесүдің аяғында магистранттар университеттің қызықты күнделікті өмірі туралы, осы факультетте берілетін білімнің орасан зорлығы туралы айтып өтті. Оқушылар өз тарапынан кездесүдің мән-жайлы болғандығы мен қабылдаушы тараптың көрсеткен жылуы үшін зор алғыстарын білдірді. Олардың тарапынан осындай қызықты кездесулер жиі өтіп турыуы жақсы болатыны жөнінде тілектер айтылды.

    Кездесуді ұйымдастырушылар: Байтенова Н.Ж. филос .ғ.д.,  Борбасова Қ.М. филос .ғ.д., доцент, Қантарбаева Ж.О. филос .ғ.к., аға оқытушы., Утебаева Д.С. PhD, доцент м.а., дінтану мамандығының магистранттары  Джундыбаева Г.Д., Разбекова М.К., Алибаева А.А., Абдуллин А.А.