XVI Республикалық пәндік олимпиада

21 сәуір, 2024

Республикалық олимпиада-бұл студенттердіңбілімі мен дағдыларын тексеру ғана емес, соныменқатар өзін-өзі жетілдіруге және жоғарынәтижелерге қол жеткізуге деген ұмтылыстыкөрсету мүмкіндігі.

2024 жылғы 19 сәуірде Астана қаласындағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттықуниверситетінде 6В11301 – «Көліктік логистика»пәні бойынша «Логистика (салалар бойынша)» Білім Беру Бағдарламасы бойынша жоғары оқуорындарының студенттері арасында офлайн форматта XVI Республикалық пәндіколимпиаданың ІІ кезеңі өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіэ. ғ. к., доцент Р. Б. Сартова және аға оқытушы А. М. Нұрмағамбетованың жетекшілігімен Экономикажәне бизнес Жоғары мектебінің «Бизнес – технология» кафедрасының 3 курс студенттеріРаматуллаев Сабин, Қасымқанова Жанерке, МұратАружан қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша студент Жанерке Қасымқанова жүлделі 3 орынға иеболды.Олимпиаданың барлық қатысушылары мен жетекшілері алғыс хаттармен және сыйлықтарменмарапатталды.