Архивтану және құжаттану пәндері бойынша ХVI Республикалық пәндік олимпиада
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві бірлесіп, 2024 жылдың 26 сәуірінде Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары студенттерінің арасында архивтану және құжаттану пәндері бойынша ХVI Республикалық пәндік олимпиада өткізеді.
Олимпиаданың мақсаты – дарынды студенттерді іріктеп, шығармашылық қабілеттерін ашу және қолдау көрсету, зияткерлік әлеуетінің қалыптасуына көмектесу, сонымен қатар, архивтану және құжаттану ғылым салаларында ғылыми мәселелерді шешуге жұмылдырып, ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту.
Негізгі бағыттары
Олимпиада екі кезеңнен тұрады:
1. Комаданы таныстыру (топтың атауы, ұраны, эмблемасы – 10 мин.)
2. Топтық жобаларды қорғау (презентация, 20 мин.)
Олимпиаданың тақырыптық бағыты:
"Цифрлық дәуірдегі архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету: заманауи бағыттары мен шешу жолдары".
Әрбір оқу орны қатысу үшін 3-тен аспайтын команда (құрамында 5 адамнан аспайтын) команда ұсына алады.
Өткізілетін күні: 2024 жылғы 26 сәуір, сағ. 14.00.
Өткізілетін орны: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, тарих факультеті, № 405 ауд
Жұмыс тілі: қазақ, орыс.
Ұйымдастырушылар: +7 707 808 8418 Алпысбаева Нурзипа Кумешбайқызы, +7 777 772 00 77 Мақатова Жансәуле Әлиқызы, +7 778 111 6379 Дюсембек Жанна, +77715518558 Ходжабай Мухтар
Қатысу үшін 2024 жылғы 15 сәуірге дейін қатысу өтінімін (1-қосымша), 2024 жылғы 22 сәуірге дейін екі кезеңнің материалдарын (презентациялар) khodzhabay.m@gmail.com электрондық мекенжайына жолдау қажет.