ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

21 сәуір, 2024
  • Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың жарлығымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев «Достық» орденімен марапатталды.
  • Жансейіт Түймебаев Ресейге жұмыс сапармен барды. 
  • Жансейіт Қансейітұлы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен РФ Ғылым және жоғары білім министрі Валерий Фальковтың қатысуымен өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің білім министрлерінің VІІІ кеңесінің отырысында сөз сөйледі. 
  • ҚазҰУ басшысы Ресейде өткен «Университеттер және болашақ» халықаралық форумына қатысып, баяндама жасады.
  • Жансейіт Түймебаев Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің ректоры Александр Безбородовпен кездесу өткізді.
  • Оқу ордасының басшысы П.Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетіне арнайы барып, ректоры Олег Ястребовпен жүздесті. Кездесуде әріптестік қатынастарды одан әрі арттыру бойынша пікір алмасты.   
  • Ректор ҚазҰУ-дың 90 жылдығына орай оқу ордасына «FalconEuroBus» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Әділхановтың жаңа автобус табыстау рәсіміне қатысты. 
  • Жансейіт Қансейітұлы Ғылыми кеңес отырысын өткізді. Жиында университеттің 2023 жылда атқарған ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметінің нәтижелері талқыланды.