Университетіміздің 90 жылдық тарихын білу бүгінгі күнгі шетелден келіп, білім алып жатқан жастар үшін маңызды. Осы мақсатта 24-топ шығармашылық топ тыңдаушылары университет мұражайына саяхат жасады. Онда Алматы қаласының көрікті жерінде орналасқан университет қалашығының әр ғимараты, қашан салынғаны, кімдер қызмет атқарғаны, ректорлар мен профессор құрамы туралы тарихи мәліметтерді білді. Сондай-ақ, атақты ғалымдарының еңбектері, алғашқы құрылған күнінен бүгінгі күнге дейін ел үшін атқарған еңбектері, олардың тарихи маңызы туралы мәлімет берілді. Ең қызықтырғаны - университеттің болашақ құрылысы мен түрлі инфростуктуралық нысандардың жоспары. 3Д форматындағы видеороликтер ерекше ұнады. Шәкірттер 90 жылдық тарихы бар университетімізде өз білімдерін жалғастырып, бакалавр, магистартура оқып, елге қызмет етуді армандайды. Армандары мақсатқа ұласып, білімді жастардың қатары көбейе берсін.Еліміздің білім беру бағытындағы әлем университеттерінің ішіндегі беделді де танымал университетімізді мақтан тұтатынымыз рас.