ТДМ 8: Кәсіби бағдар бойынша спорт комплекске саяхат

19 сәуір, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша 25-26 топ куратор-эдвайзері шығармашылық мамандығын таңдаған білім алушыларды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ КАФЕДРАСЫ спорт клубымен кездесуге барды.  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың спорт клубы "СӨС" орталығының аға-оқытушысы Асаубек Самат Сабыржанұлы кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша тыңдаушыларға шығармашылық емтихан жайында кеңес беріп, тыңдаушылардың ҰБТ нәтижесін алып шығармашылық емтихандарға өтініш қабылдау мерзімі, емтихан беру мерзімі, емтиханды беруде қандай талаптар қойылады сынды сауалдарына жауап алып қайтты. Сонымен қатар факультеттер мен мамандықтардың бағыттарымен танысты. Мәселен спроттың кез-келген түрін таңдасаңыз оқу бітіргенде «Дене шынықтыру пәнінің мұғалім» және «Жаттықтырушы» мамандығын алып шығу болатын айтылды. 
Сондай-ақ емтихандардың өткізу ережесі, норматив, ЖДФ бойынша БШЕ бағдарламасы бойынша, Шетел азаматты ұлтты қазақ яғни қандастарға қарастврылған жеңілдіктер жайында біршама ақпарат берді. 
Мамандықтар туралы     толық мәлімет беріліп, құжаттарды қабылдау тәртібі таныстырылды. Кездесу соңында аға оқытушы Асаубек Самат Сабыржанұлы бірнеше спорт түрінен жаттығу көрсетті.