Қазақ философиясына арналған видеобайқау

22 сәуір, 2024

Халықаралық Фараби форумы аясында Филосо­фия кафедрасы­ның ұйымдас­ты­руы­мен «Қазақ философиясының өзектілігі» атты республикалық видеороликтер байқауы мәресіне жетті. 

Байқаудың мақсаты – еліміздің рухани жаң­ғы­руының негізі болып са­налатын қазақ фи­ло­со­фиясының өзекті ас­пектілерін қозғау. Со­ны­мен қатар қазақ фи­ло­софиясында көрсе­тіл­ген қазіргі таңдағы маңызды құнды­лық­тар­ды бейнелейді.

Видеоролик байқауы дәстүрлі түрде ұйым­дас­тырылып келеді. Жыл өт­кен сайын студенттер дайындаған роликтердің сапасы артуда. Себебі сту­денттердің жекелей емес, төрт адамға дейін бір роликті ұсына алу мүм­кіндігінің болуы оған оң ықпал етуде.

Байқаудың басты шар­ты – берілген тақырыпты толықтай ашып, ұзақтығы 5 минуттан аспайтын ви­део­ролик ұсыну. Келіп түс­кен жұмыстарды фи­ло­софия және сая­сат­тану факультеті Фило­со­фия кафедрасының про­фессорлық-оқыту­шы­­лар құрамы бағалады.

Байқауда бірінші орын­ды химия және хи­миялық технология фа­куль­тетінің 2-курс сту­денттері А.Ал­да­мұ­ратова, Ж.Жол­дас­бай, І.Мұ­қанова, А.Құ­дай­берген бірлесіп жа­саған топтық жұмыс же­ңіп ал­ды. Екінші орынды фи­ло­софия және саясаттану факультетінің студент­те­рі А.Бахыбек, А.Жау­мин­баева, А.Бакарова және жеке видео жа­са­ған М.Са­медов иеленді. Үшінші орынды ақпарат­тық технология факуль­те­тінің білім алушылары Д.Файзуллаев, Т.Шау­ха­ров, Ғ.Ахметжан; фило­со­фия және саясаттану факультетінің студенті А.То­қай; механика-мате­ма­тика факультетінің сту­деттері Г.Мадияр, С.Ер­тай, Р.Рысбеков, Ч.Орын­баев жеңіп алды.

Жеңімпаздар диплом­дарға ие болды. Олардың жұмысы «Фараби әлемі» ғылыми конферен­ция­сы­на қатысушыларға көр­се­тіліп, жоғары баға­лан­ды.

Кәмшат КІНДІКБАЕВА,

Философия кафедрасының оқытушысы