Алматы қаласының №12 қалалық емхана жанындағы «Сұңқар» жастар орталығының» гинекологы Ш.С. Оспановамен кездесу

22 қараша, 2023

Тұрақты даму мақсаттарының 3-бағытына «Салауатты өмір салты және әл-ауқат» (3.3.1. Денсаулық сақтау мекемелерімен ағымдағы ынтымақтастық) қол жеткізу аясында 2023 жылғы 21 қарашада Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасы Алматы қаласының №12 қалалық емханасы жанындағы «Сұңқар» жастар орталығының» гинекологы Оспанова Шынар Сәбитханқызымен «Жоспарланбаған жүктіліктің алдын алу» тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Сонымен қатар, ана мен бала денсаулығы және жұқпалы аурулардың қаупі тақырыбы көтерілді. Кездесу кафедраның доценті Керимкулова М.Ж. ұйымдастырып, Химия және химиялық технология факультетінің студенттеріне арналған.