Consoritum of Universities in Global Health. Global Health without borders

8 наурыз, 2024

07.03.2024  «Жаһандық денсаулық сақтаудағы университеттер консориумы. Шекарасыз жаһандық денсаулық» Лос-Анджелес (АҚШ) өткен конференция аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Саясат және денсаулық сақтауды ұймдастыру кафедрасының оқытушысы Хожамқұлл Р.А. SDG 360 тәсілін (ТДМ 360) білім беруге енгізу бойынша шеберлік-классына қатысты. Шеберлік-класс Висконсин-Мэдисон университетінің профессоры Lori DiPrete Brown жүргізді. Шеберлік-классқа әртүрлі елдерден оқытушылар мен мамандар қатысты. SDG 360 құралы мен әдістемесі студенттерді өз жұмысында, салааралық өзара әрекеттесулерде және жүйелі ойлауда Тұрақты Даму Мақсаттарын түсінуге үйретуге көмектеседі. Келесі оқу жылында SDG 360 құралын оқу модульдеріне енгізу жоспарлануда. SDG 360 құралына жүктеме https://sdg360thinking.org/.