- Басты бет
- Жаңалықтар
- «ҚАЛАЛАРДЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ: СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР МЕН ШЕШІМДЕР» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
«ҚАЛАЛАРДЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ: СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР МЕН ШЕШІМДЕР» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
2024 жылдың 17-19 сәуірінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 19677682 «Қазақстан Республикасының ірі қалаларының тұрақты дамуын кешенді географиялық бағалау» гранттық қаржыландырудың ғылыми жобасы аясында «ҚАЛАЛАРДЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ: СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР МЕН ШЕШІМДЕР» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Жобаның ғылыми жетекшісі – г.ғ.д., география және табиғатты пайдалану факультеті география, жерге орналастыру және кадастра кафедрасының профессоры Нюсупова Гульнара Нурмухамедовна.
Конференцияның мақсаты – тәжірибе және зерттеу нәтижелерімен алмасу: заманауи талаптарды ескере отырып, қалалық аумақтардың тұрақты дамуының теориялары мен тәжірибесі; қаланың тұрақты дамуының проблемалық мәселелерін талдау және оларды шешудің тиімді жолдарын іздеу; табиғи ресурстарды ұтымды, ұқыпты және қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ осы жұмыстың барлық бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу тәжірибесімен алмасу.
Шара гибридті режимде ҚазҰУ Әл-Фараби кітапханасында өтті.
Конференция география, тұрақты даму және қала құрылысы саласындағы жетекші ғалымдар мен сарапшыларды біріктіріп, Қазақстан Республикасындағы ірі қалаларды тұрақты дамытудың кешенді тәсілдерін талқылау үшін Ұлыбритания, Ресей, Беларусь және Қырғызстанды қоса алғанда, әртүрлі елдердің басын қосты. Шақырылған спикерлердің қатарында жетекші оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының көрнекті профессорлары мен ғылым докторлары: Оксфорд университетінің үздіксіз білім беру факультетінің тұрақты қаланы дамыту бағдарламасының доценті Влад Михненко; г.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі География және су қауіпсіздігі институтының директоры Медеу Ахметқал Рахметоллаұлы; г.ғ.к., доцент, Ресей халықтар достығы университетінің аймақтық экономика және география кафедрасының меңгерушісі Холина Вероника Николаевна; г.ғ.д., Беларусь мемлекеттік университетінің экономикалық және әлеуметтік география кафедрасының профессоры Екатерина Анатольевна Антипова; г.ғ.к., М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономикалық және әлеуметтік география кафедрасының доценті Махрова Алла Георгиевна; г.ғ.д., Қырғыз экономикалық зерттеу университетінің профессоры Бобушев Темірбек Сейітқазиұлы.
Конференцияға қатысушылар пленарлық және секциялық отырыстарға, мастер-класстарға қатысып, стендтік баяндамалармен таныса алды.
Талқылау бағдарламасы тұрақты дамудың әлеуметтік-экономикалық аспектілеріне, қалалық процестерді зерттеу үшін ГАЖ технологияларын пайдалануға, сондай-ақ демографиялық мәселелерге қатысты тақырыптарды қамтиды.
Бұл іс-шара жалпы қалалар мен қоғамдар үшін тұрақты даму стратегияларын дамытуға үлес қоса отырып, білім мен тәжірибе алмасу үшін бірегей платформаны қамтамасыз етті.