Химия әлемін ашу: әртүрлі кәсіби жолдар

23 сәуір, 2024

Құрметті студенттер!
Химия және химиялық технология факультетінің «Химия» оқу бағдарламасының магистранттары 1-4 курс бакалавриат студенттерін кәсіптік бағдар беру бойынша тәрбие сағатына шақырады.
✓ Тақырыбы: Химия әлемін ашу: әртүрлі кәсіби жолдар
✓ Күні: 2024 жылғы 26 сәуір 16:00 – 18:00
✓ Орны: Ерғожин атындағы ЗУС

Іс-шара химия әлеміне еніп, факультет түлектеріне қолжетімді кәсіби жолдардың алуан түрін зерттеудің бірегей мүмкіндігі болады.
Тәрбие сағаты аясында біз осы салалардың әрқайсысын тереңдетіп зерттеп, студенттерді оларға ашылатын кәсіби мүмкіндіктердің кең ауқымымен таныстырмақпыз. Атап айтқанда:
✓ Органикалық химия (Дәрілік заттардың синтезі)
✓ Табиғи қосылыстардың химиясы (Табиғи биологиялық белсенді қоспалар)
✓ Коллоидтық химия (Косметика, маскалар және кремдер)
✓ Физикалық химия (Литий-ионды батареялар)
✓ Педагогикалық химия

Іс-шарада химияның әр саласының ерекшеліктерін қарастыратын және олардың болашақ мансаптық жетістіктерге қандай перспективалар ұсынатынын көрсететін әртүрлі қызықты әңгімелер мен презентациялар болады. Арнайы қонақтар – факультетіміздің табысты түлектері өз тәжірибелерімен бөлісіп, ғылыми-зерттеуден педагогикалық және өндірістік инновацияларға дейінгі кәсіби жолдары туралы әңгімелейді.
Кәсіптік бағдар беру тәрбие сағаты – жай ғана іс шара емес, бұл студенттерге химияны іс-әрекетте көруге, шабыт табуға және ғылымның осы саласында болашақ бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Біз барлығын аталмыш шараға қосылуға және химия әлемінің көптеген перспективаларды ашуға шақырамыз!

Жауаптылар: магистранттар және практика жетекшісі - органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының аға оқытушысы, PhD Агибаева Л. Э.

Байланыс үшін:
Аяулым Минкаева 87085448931