ЖаҺандық бәсекеге қабілетті болудың кілті

16 сәуір, 2024

Университетіміздің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының ұйымдастыруымен “Болашақ” атты ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: Тұрақты даму мақсаттарының бірі - сапалы білім беру аясында Болашақ бағдарламасы  бойынша Қазақстандық университеттердің шетелдік оқу орындарымен ынтымақтастықтарының артуы мен дамуы.

Ғылыми-тәжірибелік семинарға Алматы қаласының ЖОO: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Асфендиярова атындағы ҚазҰМУ,  Сүлеймен Демирелі атындағы СДУ,  Қаныш Сәтпаев атындағы техникалық зерттеу университеті, Қазақстан-Британдық техникалық университетінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Қазақстан Республикасының Үкіметі Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті арқылы қаржыландыратын ғылыми тағылымдамадан өту Болашақ бағдарламасы арқылы студенттер АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция секілді елдерге оқуға жіберіледі. Семинар барысында студенттер сұрақ қойып, QR арқылы онлайн жауаптар алды. Болашақ бағдарламасы арқылы бакалавриат, магистратура, аспирантура, докторантура студенттері бара алады. Студенттер оқуға түсу үшін GPA 3.5, IELTS 5.5, жас айырмашылығы маңызды емес және осы талапқа сай болу керек. Бағдарлама түлектерді толықтай жұмыспен қамтамасыз етеді.

Семинар спикері: Әлемнің жеті университетінде тегін білім алған маман,”Болашақ”, “Erasmus” бағдармаларының түлегі,   Алматы қаласы «Болашақ» ассоциациясының директоры Аукенова Арайлым қатысушыларға семинар өткізіп, сұрақтарына жауап берді.

 

Батырбаева АА. 

Жусупова А.К.

Ажигулова Р.Н.