Ана Тілі

8 қазан, 2015

Студенттер экспедициясы нәтижелі болды

Кеше «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық қозғалысының демеушілігімен ­әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай көрме ұйымдастырылды.

Көрмеге академик, тарих ғылымы­ның докторы Т.Омарбеков, филология ғылы­мы­­ның докторы, профессор Ө.Әбдиманұлы, журналистика факуль­тетінің деканы С.Медеубек, профессор Г.Сұлтанбаева, тарих ғылымының докторы А.Қалыш және тарих факультетінің деканы А.Жұмаділов, «Фотоөнер» қоғамдық бір­лестігінің жетекшісі А.Абдраим қатысты. Ғалымдар қазақ хандығының тарихи деректерге толы қыры мен сырын жас журналистерге баян­дап, тағылымды деректердің маңыздылығына тоқталды.
Бір атап өтерлігі, университет қазақ хандарының 550 жылдығына орай көптеген іс-шараларды қолға алған болатын. Мәселен, журналистика факультеті және «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жамбыл-Шу-Мойынқұм аудандарында ұйымдастырылған фотоэкспедиция. Игі бастамаға Жамбыл облысы әкімдігі және «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы қолдау көрсетті. Сонымен қатар ҚР Білім және ғылым министрлігі «Елдің интеллектуалды әлеуеті» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ақпараттық Бюросы және Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымы қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жас ғалымдары Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ елі» студенттік ғылыми экспедиция­сы аймақтарда зерттеулер жүргізді.
Биыл үшінші рет ұйымдасты­рылған студенттік экспедиция еліміздің Қы­зылорда, Қостанай, Ақмола, Қарағанды өңірлерінде болып қайтты.
«Қазақ елі» студенттік ғылыми экспеди­циясының нәтижелері көрмеге қойылды. Көрме жұмысы қыркүйек айының аяғына дейін жалғасады.

Әйгерім Әлімжан,
журналистика факультетінің аға оқытушысы