«Академиялық жазылым»

22 сәуір, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультеті А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасының оқытушылары ф.ғ.к., доцент Ш.Рамазанова мен PhD ғылым докторы Ж.Сәрсенбайдың ұйымдастыруымен академиялық сауаттылықтың теориялық және практикалық мәселелерін қамтитын «Академиялық жазылым» пәні бойынша «Ойлы болсаң, озып көр» IQ DODA зияткерлік сайыс сабағы өтті. Сайысқа география және табиғатты пайдалану факультетінің студенттері қатысты.

Зияткерлік сайыс сабағы бұрынғы сайыстардан өзгеше болды. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Kahoot бағдарламасы арқылы «Академиялық жазылым» пәні бойынша құрастырылған сұрақтар, Алаш зиялыларының сіңірген өлшеусіз еңбектері танымдық-тағылымдық жағынан барынша дәріптеліп, сұрақ-жауап күйінде білімді топтардың талқысына түсті. Пәннің мақсаты: ғылыми-зерттеу мәтіндерін құрудың академиялық сауаттылық талаптарына қойылатын отандық, әлемдік стандарттарға сүйене отырып, ғылыми жанрдың түрлерін мазмұндық құрылымдық, техникалық тұрғыдан ресімдеудің ережелерін үйрету; қазіргі ақпараттық кеңістіктегі мәтіндерді аналитикалық өңдеудің мақсаттары мен міндеттерін анықтай отырып, жазу сауаттылығын арттыру. Осы мақсатта аталған іс-шарада студенттер бір семестр бойы алған білімдерін және тыңғылықты дайындықтарын көрсетті.