ТДМ- 3 «Салауатты өмір салты»
22 сәуір, 2024
Дені сау ұрпақ – мемлекеттік ең бағалы капиталы екенін ескерсек, жастардың дұрыс тамақтануы олардың денсаулығына тікелей әсер етеді. Осы орайда университет тарапынан сәуір айында ҚазҰУ-дың 50 студентіне тегін тамақтану талондары таратылды. Бұл (ТДМ 3) «Салауатты өмір салты» бағытын дамыту мақсатында жүзеге асып отыр. Сәуір айының талондары еліміздегі табиғи апаттан зардап шеккен аймақтардың студенттеріне берілді.
