9, 12, 13 және 15 ТДМ шеңберінде «Жану және плазма химиясы. Көміртек және наноэнергетикалық материалдардың физикасы мен химиясы» тақырыбында XIV Халықаралық симпозиумы

10 қараша, 2023

2023 жылдың 7-8 қарашасы аралығында Химия және химиялық технология факультетінде әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «Жану және плазма химиясы және көміртегі және наноэнергетикалық материалдардың химиясы» тақырыбында XIV халықаралық симпозиум өтті. Симпозиумға қазақстандық ғалымдармен қатар Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай, Германия, Марокко ғалымдары қатысты. Қазақстан үшін өзекті болып табылатын 9, 12, 13, 15 тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша көптеген баяндамалар ұсынылғанын атап өткен жөн: климаттың өзгеруіне қарсы күрес, қоршаған ортаны қорғау, индустрияландыру, инновациялар мен инфрақұрылым, шикізатты ұқыпты тұтыну. Симпозиумды әл-Фараби ат. ҚазҰУ-мен бірге Жану мәселелері институты және Қазақ-Британ техникалық университеті біріге отырып ұйымдастырды. Симпозиумда ұсынылған баяндамалардың тезистері материалдар жинағында (ISBN 978-601-269-508-3) жарияланды. Симпозиум қорытындысы бойынша қатысушыларға мақалаларын «Eurasian Chemico-Technological Journal» және «Combustion and Plasma Chemistry» журналдарында жариялау мүмкіндігі берілді.

 

Супиева Ж.А., ИПГ Жас ғалымдар кеңесінің төрайымы бола отырып, химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты З.А.Мансұровтың жетекшілігімен өткен конференцияның ұйымдастырушысы болды.

Супиева Ж.А.