ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТЕМЕКІНІНІҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯНЫ

13 наурыз, 2024

БҰҰ-ның ұсынған тұрақты даму концепциясының 3-мақсатын жүзеге асыру аясында халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын нығайту маңызды мәселенің бірі. Осы  мәселені студенттерге жете түсіндіру үшін «Вейп-ғасыр дерті» деген тақырыппен іс-шара өтті. Электрондық темекінің ингаляциялық аэрозоль құрамында: никотин, глицерин, пропиленгликоль, формальдегид, сірке альдегиді, мышьяк, ацетон, ауырметалдар (қорғасын, мырыш, алюминий, никель, қалайы) бар.  Химиктер өте жақсы түсінетін  улы заттардың денсаулыққа зияны ашып  көрсетілді және студентер электронды темекіге жол жоқ деген мақсатта мәжіліс ұсынған құжатты қолдайтынын айтты.

 

 Жакирова Н.К.