«Тұрақты дамуды маркетингтік қолдау және ESG күн тәртібі» тақырыбы бойынша көшбасшылық дәріс

24 сәуір, 2024

Тұрақты дамудың 13 және 15-ші мақсаттарын жүзеге асыру мақсатында 2024 жылдың 24 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қабырғасында (https://farabi.university/) алғаш рет Экономика жоғары мектебінің маркетинг кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының докторы, Скоробогатых Ирина Ивановнаның «Тұрақты дамуды маркетингтік қолдау және ESG күн тәртібі» таұырыбына көшбасшылық дәрісі өтті. Баяндама өте қызықты және мазмұнды болды. Профессор Ирина Ивановна Скоробогатых «Тұрақты даму» және «ESG трансформация» ұғымдарының айырмашылығы мен үйлестірілуі, маркетингтің тұрақтылығының технологиялары мен құралдары: анықтамалар, озық тәжірибелер сияқты мәселелерге тоқталды. Тұрақты даму және тұрақты маркетинг қағидаттарын енгізу тәжірибесіне қатысты мәселелер ерекше қызығушылық тудырды.Магистранттар, докторанттар мен студенттер жас тұтынушылардың ұрпағы мен қоршаған ортаны дамыту мәселелеріне арналған сауалды үлкен қызығушылықпен және таңданыспен тыңдады.Дәріске маркетинг мамандығының студенттері, магистранттары мен докторанттары және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Бизнес технологиялар» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қатысты. 

Іс-шараның ұйымдастырушысы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Бизнес технологиялар» кафедрасының оқытушылар құрамы – Н.А. Товма, Ж.Т. Қожамкұлова, Н.Б. Шүренов.