Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай 24 сәуір күні ЖОО-ҒА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ ауған тыңдаушылары факультеттің кітапханасында "Кітап- білімнің қайнар көзі" атты шараға қатысты.
Мақсаты: шетелдік тыңдаушылардың кітапқа және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Кітап – адамзаттың ең жақын досы және ақылшысы, даналық пен білімнің қайнар көзі. Кітап – білім қазынасының кілті һәм ойдың бұлағы болғандықтан, халқымыз оныкиелі, қадірлі санаған. Кітап арабтың «жазу» деген сөзінен шығып, тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы болып табылады.
Ауғанстаннан келген шетелдік тыңдаушыларға қазақ әдебиетінің, соның ішінде балалар әдебиетінің бір түрі- ертегілер туралы мәлімет алу өте қызық болды. Фантастикалық негізде құрылған көркем шығармалар туралы айта келе, "Мақтақыз бен мысық" туралы ертегіні оқып, пікір алмасты. Шара соңында тыңдаушылар кітап туралы естіген мақал- мәтелдерімен бөлісті.