Жемқорлыққа қарсы еріктілер 4 млрд теңгеден астам қаражаттың, негізсіз жұмсалуының алдын алды Сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Тетөрағасының бірінші орынбасары Ұ. Саркуловтың қатысуымен Алматыда жемқорлыққа қарсы еріктілердің жалпы республикалық жастар дөңгелек үстелі өтті.
Іс-шараға мемлекеттік органдар мен халықаралық, ұйымдардын, жоғары оқу орындарының өкілдері, Парламент депутаттары, Қоғамдық кенес мүшелері, Агенттіктің басшылығы мен аумақтық департаменттері, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы еріктілер мен студент жастар қатысты.Дөңгелек үстелде жемқорлыққа қарсы еріктілер жұмысының нәтижелері айтылды. Төрағаның 1-ші орынбасары өзінің алғы сөзінде белсенді әене бей-жай қарамайтын азаматтар біздің, мемлекетіміздің дамуындағы маңызды факторға айналып жатқаның атап өтті. «Бугінде еріктілер қатарына 3 мынға жуық адам кірді. Олардың жұмысының арқасында 4 млрд теңгеден астам сомаға тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде бағаны көтеру тәуекелдерінің алдын алды», - деп Саркулов атап өтті. Сондай-ақ, дөңгелек үстел барысында еріктілер үшін 2024 жылы 4 сәуірде күшіне енген «Коғамдық бақылау туралы» Заң таныстырылды.
Жаңа Заң қоғамдық бақылауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сонымен қатар қоғамдық бірлестіктер мен азаматтық белсенділердің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Жұртшылықтың, пікірінше, бұл Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілердің қызметін заңдастыра және олардың, бастамаларың тиімді іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, жобаны дамыту үшін жаңа серпін болады.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша еріктілерге қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде Жаңа Заң талаптарын жүзеге асыру, сондай-ақ, жемқорлықтың алдын алу бойынша белсенді жұмысты жалғастыру ұсынылды.