Дүниежүзілік авторлық құқық және кітаптар күні

25 сәуір, 2024

2024 жылдың 23 сәуірде ҒСК «Елтұтқа» мен қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы БҰҰ ТДМ 4-мақсатына қол жеткізу аясында және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 90 жылдығына орай, «Бүкіл әлемдік авторлық құқықтар және кітап» күніне байланысты арнаулы шара өткізді. Бұл шарада клуб мүшелері өздері оқыған кітаптар жайлы пікір алмасып, ой бөлісті. Кітап - рухани өмірдің азығы екендігіне көз жеткізген болашақ заңгерлер мұндай игілікті шаралардың жалғасатындығына сенім білдірді.