2024 жылдың 22 сәуірінде 317 аудиторияда сағат 14.00-де Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру
"Салауатты өмір салтты."тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Бұл шараның спикері аға оқытушы Қарашева Ж.Т
Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады.
Ия, әрбір адамның денсаулығы өз қолында. Ал, бала денсаулығының негізінің мықты болуы оның тамақтануына байланысты, балалық шақта қаланған денсаулықтың іргесі адамның бүкіл кейінгі өмірінің сапасына әсер етеді. Дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты – бала организмінің ауруларға жоғары тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін міндетті шарттар.
Басқа жаңалықтар
22 қараша, 2024
22 қараша, 2024
21 қараша, 2024