- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қазіргі Қазақстандағы ұлттық бірегейлік: тарихи тамыры және қазіргі тенденциялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
«Қазіргі Қазақстандағы ұлттық бірегейлік: тарихи тамыры және қазіргі тенденциялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
2024 жылдың 25 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының ұйымдастыруымен университеттің 90 жылдық мерейтойына орай ғалым-тарихшы, профессор Қаратаев Төреғали Қаратайұлының туғанына 90 жыл толуына арналған «Қазіргі Қазақстандағы ұлттық бірегейлік: тарихи тамыры және қазіргі тенденциялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 4: Сапалы білім) аясында өткізілген конференцияның мақсаты: Қазіргі Қазақстандағы ұлттық бірегейлікке арналған зерттеулерді ұлттың тарихи тамыры мен қазіргі тенденцияларына ерекше назар аудара отырып талқылау.
Іс-шараға белгілі қазақстандық және шетелдік ғалымдар, оқу ордасының оқытушы-профессорлар құрамы мен докторанттар, магистранттар жиналды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Әлеуметтік даму жөніндегі Басқарма мүшесі - проректоры Суатай Сәбит Құрманжанұлы алғы сөз сөйледі. Пленарлық мәжілісте Қаратаев Төреғали Қаратайұлының Қазақстан тарихына қосқан үлесі жайлы баяндалды. Конференцияда Қазақстан қоғамындағы ұлттық сана-сезімнің қалыптасуына әсер ететін факторлар мен жаһандық өзгерістер мен кедергілер контекстінде ұлттық бірегейлікті нығайтудың ықтимал жолдары талқыланды.