Алматы Ақшамы

8 қазан, 2015

ҚАЗҰУ — ӘЛЕМ УНИВЕРСИТЕТТЕРІ АРАСЫНДА ҮЗДІК АТАНДЫ

«Алматы ақшамы» газетінің өткен нөмірлерінде «ИнфоТех&Серис» ЖШС ұйымдастыруымен үш турды қамтыған «Супербухгалтер» конкурсына әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлтық университетінің «Экономика және бизнес жоғары мектебі», «Есеп және аудит» мамандығының магистрлері мен студенттерінің қатысып, білімдерінің жоғары деңгейде екендігін көрсете білгендігін, әсіресе, бітіруші курс суденттері белсенділік танытып, жақсы нәтижеге қол жеткізгенін, ақтық турда арнайы біліктілік куәлігімен (сертификатпен) марапатталғанын және бітіруші түлектердің мемлекеттік аттестациялау комиссиясы алдында мамандық бойынша емтихан тапсырған пәндер мен диплом қорғаудан 99-100 балдық жоғары нәтиже көрсетіп, есеп және аудит мамандығын үздік бітіріп, академиялық бакалавр дәрежесін алғанын жазған едік.

Емтихан мен диплом қорғаудан үш студенттің 100 балдық нәтиже көрсеткенін және диплом жұмысы бойынша зерттеу нысаны өндірістік тәжірибеден өткен ұйымда талқыланып, басшысының қолы қойылып, мөрі басылған, «Өндіріске енгізу туралы акті» беріліп, ҚазҰУ ректоры, академик Ғ.Мұтановтың атына университетте сапалы маман дайындағаны үшін «Алғыс хат» жолданды. Бұл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Есеп және аудит» мамандығының студенттері мен магистрант­тарының байқауға жан-жақты дайындықпен барғанын дәлелдеді. Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының төрайымы, елімізде ғана емес, алыс-жақын шет елдерге танымал ғалым, Т.Рысқұлов атындағы ЖЭУ «Есеп және аудит» кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының докторы Құсникамал Тортабайқызы Тайғашинова түлектер білімінің сапасына көңілі толатынын айта келіп, «Еліміздің жоғары оқу орындарының көшбасшысы әрі қара шаңырағы — әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде білім беру сапасының өте жоғары екеніне көзім жетті. Сондықтан жастарға айтарым — өзге жақтан іздемей-ақ, магистратураға осында түсіп, білім алуды жалғастыруға ақыл қосамын», — деп ізгі тілегін білдірген болатын. Аккредиттеу және рейтингтік тәуелсіз агенттігінің директоры А.Жұмағұлованың қолы қойылып, мөрі басылған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті есеп және аудит, бакалавриат және магистратура мамандығы бойынша 2015 жылғы АРТА рейтингіне қатысушы жоғары оқу орындары арасында бірінші орын алуы және арнайы сертификатпен марапатталуы ұлағатты ұстаз, танымал ғалымның әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Есеп және аудит» мамандығын бітірген түлектерінің білімдеріне және кафедра профессорлары мен оқытушыларының сіңірген еңбегіне берген жоғары баға деп білеміз. Академик Ғ.Мұтанов басқарып отырған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS халықаралық рейтингі бойынша әлемдік 800 топ университеттері арасында алдыңғы лекке көтерілуімен жоғары оқу орны ұжымын, өзінің сүбелі үлесін қосқан Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері, экономика ғыдымдарының кадидаты, доцент Б.Ермекбаева басқарып отырған Экономика және бизнес жоғары мектебі мен экономика ғылымдарының докторы, профессор А.Байдилдинаның жетекшілігіндегі «Есеп және аудит» кафедрасының ұжымын үздік жетістік­терімен құттықтаймыз.

Г.Жүнісова,

оқытушы.

М.Байдәулетов, Ж.Оралбаева, Б.Сұлтанова,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Есеп және аудит» кафедрасының доценттері