Магистранттардың диссертациясын алдын ала қорғау

25 сәуір, 2024

2024 жылдың 25 сәуірінде кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының бейіндік бағыттағы 1 курс магистранттарының диссертациясы қорғалды. Алдын ала қорғауға 8 магистрант және олардың ғылыми жетекшілері қатысты.  Магистрлік диссертациялар "7М04217 – Құқықтану" БББ бойынша ағылшын тілінде жазылды.  Магистранттардың ғылыми зерттеулері сақтандыру, қаржы, салық, банк, кедендік, экологиялық құқықтың өзекті тақырыптарына арналды.   Өз сөзінде магистранттар таңдалған тақырыптың өзектілігін, мақсаттарын, міндеттерін, теориялық және практикалық маңыздылығын атап өтті, диссертация тақырыбы бойынша ұсынылған ережелерді негіздей алды. Ғылыми жетекшілер орындалған магистрлік жұмыстарды жазу жөніндегі ереженің талаптарына сәйкес келетіндігін атап өтті. Комиссия құрамы жұмыстардың аяқталған диссертациялық зерттеу болып табылатынын атап өтіп, қорғауға жіберуді ұсынды.