Bnews.kz

8 қазан, 2015

Алматыда алғашқы инновация академиясы ашылды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де алғашқы инновция академиясының ашылу салтанаты өтті. Білім орталығы бір уақытта 120 студентті қабылдауға қауқарлы, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Академия жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін заманауи жабдықпен жарақтандырылған және практикалық және теориялық аймақтарға бөлінген. Қолданбалы жұмыстар үшін ұялы телефондар, сандық теледидарлар мен принтерлерді, кондициялау жүйелерін жөндеу бойынша жұмыс орындары толығымен жарақтандырылды.

«Ең алдымен инновация академиясы қосымша кәсіби білім береді. Мұнда студенттер жоғары технологиялық компаниялардың өнімдері мен серверлік жұмыстарды әзірлеу және енгізу процесіне қатыса алады», - дейді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов.

Студенттерге ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен сандық шешімдер саласында бірлескен қолданбалы зерттеу жүргізу мүмкіндігі ұсынылмақ. Мұның барлығы Қазақстанның үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының мақсаттарына сай келеді.

«Ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Студенттер, магистранттар мен докторанттар бағдарлама өнімін әзірлеуге қатыса алады. Түптің түбінде, бұл халықаралық еңбек нарығында жоғары білікті мамандарды даярлауға таптырмас мүмкіндік болып отыр», - деп толықтырды Ғалымқайыр Мұтанов.

айдаланудың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез «www.bnews.kz» веб-сайтының басты бетіне гиперсілтеме беруге міндетті.