- Басты бет
- Жаңалықтар
- Археологическая верификация и историческая идентификация останков жертв политических репрессий в селе Жаналык Алматинской области: междисциплинарные исследования
Археологическая верификация и историческая идентификация останков жертв политических репрессий в селе Жаналык Алматинской области: междисциплинарные исследования
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультеті «Археологическая верификация и историческая идентификация останков жертв политических репрессий в селе Жаналык Алматинской области: междисциплинарные исследования» атты ұжымдық монографиясын ұсынды.
Ұжымдық монография археолог, тарихшы, архившілер, криминалистер, сот-медициналық сарапшылар, генетиктердің далалық (археологиялық), архивтік және зертханалық зерттеулерінен, сондай-ақ қуғын-сүргін және Үлкен Террор кезеңінде зардап шеккендердің естеліктері мен басқа да материалдарынан тұратын ғылыми ізденістерді құрайды.
Сот археологиясы және сот антропологиясы әдістері негізінде Қазақстандағы қуғын-сүргін саясатының фрагменттері қалпына келтірілді һәм зерттелінді: «халық жауларының» соңғы күндері, ату туралы үкімнің орындалуы, «кісі өлтіру» құралдары туралы мәліметтер жаңғыртылып, тұтқындарға тиесілі жеке заттар зерделенді, анатомиялық материалдар сипатталынды, атылған азаматтардың нәсілдік белгілері, олардың шамамен алғандағы жас мөлшері мен бойы, т. б. мағлұматтары анықталды.
Кітаптың негізгі бөлігі сот археологиясы мен антропологиясы материалдарынан тұрады. Репрессияға ұшыраған азаматтарға тиесілі генетикалық талдаулар нәтижелері (шамамен 50 адам) Қосымшаларда берілген.
Ұжымдық монографияда келесі мәліметтер көрсетілген және ол интерактивті қосымшалардан (QR коды) тұрады:
- бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері, ғылыми жаңалығы мен маңыздылығы және т. б. туралы аудиоматериалдар;
- қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың генетикалық талдауларының нәтижелері (шамамен 50 шақты адам);
- Қазақстандағы қуғын-сүргін, мамандардың атқарған жұмыстары және т. б. туралы бейнефильмдер.
Басылым ХХ ғасыр тарихының мәселелерімен айналысатын ғалымдар мен зерттеушілерге, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық ұжымына, жас ғалымдарға, докторанттар, магистранттар мен жоғары оқу орындарының студенттеріне, орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен оқушыларына арналған.
Кітаптың тұсаукесері 24.04.2024, сағат 11.00 де ҚР Ұлттық кітапханасы, Н.Дәулетова атындағы залда өтті.