Магистрлік диссертацияны алдын ала қорғау
24.04.2024 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Кеден, қаржы және экологиялық құқық» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Қуандықов Қалдарбек Жүнісбайұлы БҰҰ-ның 4 – тұрақты даму мақсаты «Сапалы білім беру» аясында кафедраның 2-курс бітіруші магистранттарының магистерлік диссертацияларын алдын ала қорғауды комиссия құрамында жүзеге асырды. Магистрлік диссертацияны алдын-ала қорғауды магистрант бітіруші кафедрада алдын-ала қорғау жөніндегі комиссияның алдында кафедра меңгерушісінің қатысуымен жүзеге асырады. Алдын ала қорғау мемлекеттік комиссияның жұмысы басталғанға дейін 1 ай шегінде ұйымдастырылады. Алдын ала қорғау – бұл магистрант өзінің есебін тексеріп қана қоймай, сонымен қатар оның жұмысының мәні туралы сұрақтарға жауап беруге жаттыға алатын қорғау репетициясы. Магистрлік диссертацияларды алдын ала қорғау нәтижелері бойынша комиссия мүшелері магистранттарды қорғауға жіберу туралы ұсыныстарды ресімдейді.