"Тұран" университеті жанындағы Құқық Ғылыми-зерттеу институтында ғылыми тағылымдама өткізілді

25 сәуір, 2024

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасына бекітілген "7М04226-Құқықтану" мамандығының бірінші курс магистранттары 15.04.2024 -25.04.2024 жылдар аралығында "Тұран" университетінің құқық ғылыми-зерттеу институтында ғылыми тағылымдамадан сәтті өтті. Ғылыми тағылымдамадан өту барысында әртүрлі тақырыптар бойынша дәрістер, тренингтер өткізілді. Тұран университетінің құқық ҒЗИ негізгі бағыттарымен танысты, есептер жазу кезінде әдістемелік көмек көрсетілді, зерттеу тақырыбы бойынша магистранттардың тақырыптары талқыланды. Ғылыми тағылымдама соңында барлық магистранттар құқық ҒЗИ директоры з.ғ.д., профессор Т. К. Әкімжановтың қолынан сертификаттар алды.