«Түркі әлеміндегі құндылықтар мен мәдениеттің трансфері» Халықаралық Симпозиумы

26 сәуір, 2024

                25-26 cәуір 2024 жылы Тұрақты даму мақсаттары аясында Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Шығыстану Факультеті, Түрксой кафедрасы және Памукале Университетінің Қазіргі Түркі тілдері кафедрасы және Турктав, Туркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулымен бірлесе отырып,   Түркі әлеміндегі құндылықтар мен мәдениеттің трансфері (мультфильмдер, тілтану және әдеби шығармалар, тарих, туризм) атты  халықаралық симпозиумы ұйымдастырылды. Семпозиумға Туркия және Түркі әлемінен Қазақстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Әзірбайжан университеттерінің профессор-оқытушылар құрамымен қатар, жоғары оқу орнынан кейінгі білімдерін тиісті бөлімдерде жалғастырып жатқан жас әріптестеріміз және анимация, мультфильмдер, жарнама және білім беру, радио салаларының мамандары, телевидение мен кино өз жұмыстарымен салаға үлес қосушылар өз жұмыстарымен бөлісті. Аталған симпозиум жоғарғы дәрежеде өтті.