2024 жылғы 25 сәуірде Narxoz университетінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру: Қазақстандағы халықаралық тәжірибе және даму перспективалары тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияда Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының, АҚШ-тың Қазақстандағы мемлекеттік департаменті бюросының, USAID-тің "Баршаға арналған Сот төрелігі" білім беру жобасының, Гонконгтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі тәуелсіз комиссиясының, Сербия университеттерінің және т. б. шетелдік сарапшылары сөз сөйледі.
Сондай-ақ, іс-шараға қазақстандық жоғары оқу орындарының, ІІМ, ТЖМ мамандандырылған оқу орындарының, Қорғаныс министрлігінің, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының ректорлары, проректорлары мен оқытушылары қатысты. Сондай-ақ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі Қ.Р. Үсеинова қатысты.
Мақсаты-білім беру және ағарту арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың ұлттық және халықаралық тәжірибесін, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының grace халықаралық бастамасын іске асыру мәселелерін талқылау.